2021 жылдың 14-желтоқсанында гистология кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 2209, 2215 және 2318 кураторлық топтарының студенттерімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күніне орай кураторлық сағаты өткізілді.
Топ студенттері ҚР Тәуелсіздігі жайлы баяндама жасады. Баяндамада желтоқсанның ызғарлы аязында әділдіктің алауын лаулатып, аға-апаларымыздың азаттық үшін жасаған ерліктері туралы бейнебаян көрсетілді. Тәуелсіздігіміздің 30 жыл ішінде еліміздің жеткен орасан зор жетістіктері баяндалды.
Тәуелсіз ел болғанымызға биыл 30 жыл. Егеменді ел болу оңай келген іс емес. Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бері көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Егеменді, зайырлы мемлекетіміздің қазіргі өркендеуі мен жетістіктері ҚР тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен тікелей байланысты. Ең қымбат асыл қазынамыз – ана тіліміз, мемлекеттік рәміздеріміз, төл теңгеміз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады.
«Біз тәуелсіз еліміздің осы күнді армандаған ата-бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің алдында басымызды иеміз, үлгі тұтамыз. Тәуелсіздігіміздің – ғұмыры шексіз, тұғыры биік болғай!» – деп топ студенттері пікірлерін білдірді.
Гистология кафедрасы