15 желтоқсан күні стоматология факультетінің 402 топ кураторы Бекенова П.А. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл” атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, доцент Хайдарова Н.Б., стоматология факультетінің кураторлары мен 4 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтілетін Қазақстан Республикасындағы басты ұлттық мереке болып табылатыны туралы сөз болды. 1991 жылы КСРО ыдыраған кезде одақтас елдер жеке мемлекетке айналды. Олардың арасында Қазақстан да болды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі туралы” заңды қабылдады. Қазақстан тәуелсіздік туралы заң қабылдаған КСРО елдерінің ішіндегі ең соңғысы болды. Бұл заң 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендік декларациясымен бірге қазақ ұлтының елін нығайтты.
Сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстанда 30 жыл ішінде Республиканың халықаралық аренадағы беделін айтарлықтай арттырған экономикалық және саяси реформалар жүргізілгені атап өтілді. Қазақстан халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшесі болып табылады, батыс және шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде танымал.
Диалогқа қатысқан студенттер өз елі үшін мақтаныш, туған жеріне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сөздерін білдірді.