2021 жылдың 13-14 желтоқсанында “Ревматология”пәні бойынша Олимпиада өткізілді. Ұйымдастырушылар: ревматология және жұқпалы емес аурулар кафедрасы. Қатысушылар: жалпы медицина факультетінің 4 курсы. Олимпиаданы өткізу мақсаты: “Ревматология” циклынан өту кезеңінде алған білімдерін бекіту, кәсіби ойлауды дамыту, дайындық сапасын арттыру, пәнді оқуға деген қызығушылықты арттыру.
13 желтоқсанда олимпиаданың I кезеңі онлайн форматта өтті. Олимпиада басында кафедра меңгнрушісі, қауымдастырылған профессор Горемыкина М.В. құттықтау сөз сөйледі. Тестілеу нәтижелері бойынша олимпиаданың I I және I I I турларына өту үшін ең жоғары балл жинаған студенттер іріктелді. 14 желтоқсанда “МУС” КЕАҚ бас корпусында I I және I I I тур (клиникалық кейстер мен викториналар түрінде) өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Мемлекеттік тілде: I орын – Мейрамбекова А.; II орын-Шайзадаева Б.; III орын – Тоқтарова Т. Орыс тілінде: I орын- Естаева Б.; II орын- Болатқызы А.; III орын- Тағайбаев А. Төрт қатысушыға: Матухно Д.; Кәдірбекова А.; Айтказина Н.; Мейірбекова А. олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.
Ревматология және жұқпалы емес аурулар кафедрасы олимпиаданың барлық қатысушыларына, PR бөліміне, цифрлық технологиялар бөліміне және “Семей медицина университеті”КЕАҚ бас корпусының әкімшілігіне алғысын білдіреді.