Физикалық және рухани денсаулықты нығайту мақсатында

Физикалық және рухани денсаулықты нығайту мақсатында

Күміс жастағылардың белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету, өмір сапасы мен әлеуметтік белсенділікті арттыру , физикалық және рухани денсаулықты нығайту мақсатында КеАқ “СМУ” терапиялық стоматология кафедрасының ПОҚ  24.11.2021 жылы “Күміс Университет”бағдарламасы шеңберінде конференцияға қатысты. Терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Нұржанат Бидахметқызы Хайдарова “Ауыз қуысының кандидозы” тақырыбында дәріс оқыды , әрі қарай терапиялық стоматология кафедрасының ассистенті Перизат Ахатқызы Бекенова “Пародонт аурулары” тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің материалы ауыз қуысының жасына байланысты өзгерістерді ескере отырып таңдалды , егде жастағы азаматтар арасында өзекті мәселелер болып отыр. Осы аурудың клиникалық белгілерін білу мәселені уақтылы анықтауға және тиісті ем алуға көмектеседі. Дәріс тақырыбы бойынша конференцияға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Терапиялық стоматология кафедрасының ПОҚ барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Жарияланды: