«Күміс университет» жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

«Күміс университет» жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

Университетімізде Семей қаласының қарт тұрғындарына арналған «Күміс университет» жобасы аясында жұмыстар жалғасуда. 2021 жылдың 22 желтоқсанында жоба тыңдаушыларымен кезекті кездесулер өткізілді. Факультеттік терапия кафедрасының доцент қ.а., м.ғ.к. Мұздубаева Ж.Е. аудиторияға «Егде жастағы науқастардағы симптоматикалық ойық жаралар» тақырыбы бойынша ақпаратты ұсынды. Тақырып егде жастағы тұрғындар үшін өте өзекті, өйткені олар мұндай проблемамен жиі кездеседі. Асқазан-ішек жолдарының эрозиялық және ойық жаралы зақымдануының дамуының ең маңызды себептері әртүрлі препараттардың көп мөлшерін қолдану, қан тамырлары аурулары, ас қорыту жүйесіндегі жасқа байланысты өзгерістер. Тыңдаушыларда көптеген сұрақтар болды, олар лектормен бірге талқылады. Кездесудің әрбір қатысушысы гастроэнтеролог дәрігерден практикалық кеңестер алды. Тәрбиелік мақсатта өткізіліп жатқан мұндай кездесулер қаламыздағы қарт тұрғындардың дерттің алдын алып, денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Жарияланды: