ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 2022 жылға арналған Даму бағдарламасының индикаторларын орындау мақсатында 2022 жылдың 05-12 қаңтарында «Қысқы мектеп» шеңберінде «Жасушалық ұрпақтар қатарында генетикалық ақпараттың тасымалы» атты тақырыпқа сабақтар өткізді. Қысқы мектепке «Жалпы медицина» мамандығының І курс студенттері қатысты. Тыңдаушыларға арнап 3 кредиттік көлемде оқу-тақырыптық жоспарлар мен силлабус дайындалды. Қысқы мектептің мақсаты: генетикалық ақпарат тасымалына, генетикалық ақпараттың жасуша ішіндегі өңделуіне, генетикалық белсенділіктің реттелуіне қатысты сұрақтарды кеңінен және тереңдетіп оқу, сонымен қатар білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтар туған студенттерге көмек көрсету.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу