2022 жылдың 13-19 қаңтарында гистология кафедрасында «Жеке гистология» атты қысқы мектеп өткізілді. Тыңдаушылары «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері. Қысқы мектепті оқытушылар Полатова Б.С. және Шакирова М.Е. Zoom білім беру платформасында видеоконференция түрінде жүргізді. Қысқы мектептің негізгі мақсаты – зерттелетін мүшелердің микропрепараттары мен микросуреттерін диагностикалауға баса назар аудара отырып, адамның асқорыту, эндокриндік және зәр-жыныс жүйесі мүшелерінің микроскопиялық құрылысы негізінде білімді тереңдетіп оқыту. Бұл алдағы уақытта оқу материалдарын жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Қысқы мектеп барысында тыңдаушылар кері байланыс арқылы түсінбеген, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды және өзіндік білім деңгейін тексеру мақсатында объективті құрылымдық практикалық емтихан тапсырды.
Гистология кафедрасы