2022 жылдың 25 – 26 қаңтар аралығында «Мейіргер ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен “Мейіргер ісі” мамандығының ЖОО және медициналық колледж студенттеріне ұсынылған «Инкурабельді пациенттерге паллиативті көмек» атты ZOOM платформасында онлайн қысқы мектебі өтті.
Қысқы мектепке Семей қ. Медицина университетінің, Д. Қалматаев атындағы жоғары мемлекеттік медицина колледжінің, Семей жоғарғы медициналық колледжінің “Мейіргер ісі” мамандығының студенттері қатысты. Қысқы мектептің мақсаты – командалық жұмысты, инкурабельді пациенттерге күтім жасауды, ауыр жағдайдағы пациенттерге психикалық көмек көрсету және де мейіргерлік салада студенттердің білімін кеңейту және тереңдету болды. Қысқы мектепті өткізу барысында, студенттерге тақырыпқа сәйкес ақпараттармен таныстырылып, «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойыны жүргізілді. Студенттер зум платформасында екі командалық топтарға бөлініп, жағдайлық есепті талқылады. Көрсеткен нәтижелері бойынша студенттер электронды дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Қысқы мектепте оқу студенттер үшін өте қызықты және ақпараттық жағынан пайдалы болды, алдағы уақытты алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдана алады.
Мейіргер ісі кафедрасы