2022 жылдың 2-ақпанында “Абайтану” клубы Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын дәріптеу мақсатында “Абай – әлем тілдерінде” атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш іс-шараға Абай өлеңдерін сүйіп оқитын университетіміздің өзге ұлт өкілдері қатысты. Олар қазақ тілінде ақын өлеңдерін жатқа айтты. Клуб жетекшісі Ж.Қ.Жайрбаева Абайдың өмірімен, шығарламарымен таныстырды. Соңында “Медицина Мектебі” деканының орынбасары Г.Д.Кулмаганбетова белсенді студенттерді марапаттады.
“Абайтану” клубының студенттік жетекшісі: Ж.Б.Нұрахметова