Қысқы мектеп терапиялық стоматология кафедрасында 10.01- 21.01.2022ж. аралығында өткізілді, циклдің тақырыбы «Ауыз қуысы аурулары». Қысқы мектепке стоматология факультетінің 2-5 курс студенттері қатысты. Оқыту алдын-ала дайындалған қатысушылар тізімі мен 3 кредит санына есептелген тақырыптық жоспар, силлабус бойынша жүргізілді. Қысқы мектеп тыңдаушылары циклге белсенді қатысып, оқыту барысында терапевтік стоматология пәндері бойынша түсініксіз сұрақтар түсіндірілді. Цикл аяқталғаннан кейін қысқы мектеп қатысушылары сертификаттар алды.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу