Бізде тағы бір қуанышты жаңалық! Университетіміздің 4408 тобы ЖМ студенті, кафедрамыздағы студенттік ғылыми үйірменің мүшесі Сапаргалиев Талғат, «Genius» халықаралық спорт, білім және ғылым орталығының ұйымдастырумен ТМД елдері жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық «Үздік студент» атты жобасына қатысып, «Жас Қыран» халықаралық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент» төс белгісі және ІІ дәрежелі диплом берілді.
Талғат 2019 жылы 25 қазан күні анатомия, гистология, қалыпты физиология және Проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедраларының ұйымдастыруымен «Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік олимпиадаға қатысты. Олимпиадада физиология кафедрасының атынан шығып «Синапс» командасының капитаны болып 1–орынға ие болды. 2019 жылдан бастап «Хирургия мектебі» атты ғылыми үйірменің мүшесі. 2020 жылы 11 қараша күні КеАҚ «Семей медицина университеті» өткізген «Денсаулық.Білім.Технология» атты Республикалық конференцияға Профессор Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасынан «Топографиялық анатомия пәнін оқу барысында мәйіттік препараттарды пайдалану мәселелері және қашықтықтан оқыту барысындағы мүмкіндіктері» атты баяндамамен қатысып 1 орынға ие болды. Сол жылы «Топографиялық анатомия пәнін оқу барысында мәйіттік препараттарды пайдалану мәселелері және қашықтықтан оқыту барысындағы мүмкіндіктері» тақырыбында тезис «Семей медицина университетінің» тезистер жинақтарында жарияланды. 2021жылы 15 сәуірде күні КеАҚ «Семей медицина университеті» өткізген Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Студенттік ғылым және денсаулық» атты конференцияға Профессор Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасынан «Парамедиктер деңгейінде көрсетілетін алғашқы жәрдемнің әлеуметтегі сұранысы» атты баяндамамен қатысып 1 орынға ие болды. Осы жылы «Парамедиктер деңгейінде көрсетілетін алғашқы жәрдемнің әлеуметтегі сұранысы» және «Семей медицина университеті студенттерінің зейіндеріне әсер ететін факторларды анықтау» атты тақырыбындағы тезистер «Семей медицина университетінің» тезистер жинақтарында жарияланды. 2021жылы 5-7 мамырда Турция мемлекетінде Бурса қаласында «Бауыр циррозы бар науқастардың психоэмоционалды ерекшеліктері.» атты әдеби шолу ретінде жазылған еңбегім “Еуропа және түркі әлемі: Ғылым, техника және технологиялар” атты 3 томды тезистер жинақтарында жарияланды. 2021 жылы 7 қазанда КеАҚ «Семей медицина университеті» өткізген Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Студент және ғылым. Қоғамдық денсаулықсақтау, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және цифрлық медицина» атты конференцияға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы халықтың ақпараттандырылған деңгейін талдау» атты баяндамамен қатысып 3 орынға ие болды. Осы жылдың 5 қарашасында КеАҚ «Семей медицина университеті» өткізген Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Студенттік ғылыми қоғам: жаратылыстану және медицина ғылымдары » атты конференцияға «Науқасқа жедел көмек көрету кезіндегі қиыншылықтары және оны шешу жолдары» атты баяндамамен қатысып 3 орынға ие болды. Қазіргі таңда «Хирургия мектебі» атты ғылыми үйірменің жетекшісі. Сапаргалиев Талғатты Проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасы атынан құттықтаймыз. Оқуда озат болуына тілектеспіз.