Бітіруші мамандарды даярлау сапасын бағалау, кәсіби-тұлғалық және шығармашылық потенциалды ашу, теориялық және практикалық оқыту процесінде алынған білім мен іскерлікті бекіту және тереңдету, болашақ мамандыққа қызығушылықты ынталандыру, ең дарынды және талантты студенттерді анықтау, өзін-өзі таныту мақсатында “МУС” КеАҚ терапиялық стоматология кафедрасында 2022 жылдың 2 ақпанында стоматология факультетінің 4 курс студенттері арасында олимпиада өткізілді. Студенттік олимпиада жарыс түрінде 3-кезеңде нақты тапсырмаларды орындап, кейіннен бағалау және қорытынды шығару арқылы өткізілді. Олимпиадаға әр оқу тобынан 5 студенттен 5 топ өкілдері қатысты . Олимпиаданы ұйымдастырушылар терапиялық стоматология кафедрасы меңгерушісі Хайдарова Н.Б. және 406 стоматологиялық факультеттің студенттерімен бірге жүргізді. Қатысушылар теориялық және практикалық дайындықты, кәсіби лексиканы меңгеруді, тәжірибеде заманауи технологияларды, оның ішінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдана білуді көрсетті. Студенттер мен ПОҚ – дан кері байланыста:-олимпиада-студенттердің білімін тереңдету және кеңейту мақсаттары мен міндеттеріне барынша сәйкес келетін тиімді оқыту нысаны екендігі айтылды.Келесі командалар жеңіске жетті: 1 орын-“Apex” командасы, 2 орын-“CGR”командасы,3 орын-“StomX”командасы. Жеңімпаздарға дипломдар , ал команда қатысушыларына сертификаттар табысталды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу