04.02.2022 жылы Семей медицина университетінің «Хирургиялық, ортопедиялық стоматология және ЖБХ» кафедрасының оқытушылары: Калиханова К.Е, Кабдыканов С.К, Момынжанов А.Т қаламыздың № 38 жалпы орта білім беретін мектеп – лицеиі ұйымдастырған «Болашаққа бағдар» жәрмеңкесіне қатысып 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты-оқушыларға кәсіп таңдауда бағдар беру. Мемлекетіміздің үздік оқу орындарының бірі – Семей медицина университеті жайлы ақпарат беру, сонымен қатар, болашақтарын медицина саласымен байланыстырғысы келетін түлектерді университетімізге шақыру болды. Көпшілік жастарды университетімізде бастау алған “Medical foundation” оқу-даярлық курстары туралы сұрақтар қызықтырды. «Болашаққа бағдар» жәрмеңкесінде қолданылған барлық материалдарды: презентация, бейне ролик, университеттің ел таңбасы бейнеленген пакет, қаламсап, блокнот, таратпа материалдармен PR бөлімі және «Түлектерді жұмыспен қамту және «Medical foundation» бөлімінің әдіскері Д.Е Советбеков қамтамассыз етті. Кездесу соңында мектеп ұжымы және оқушылар келген қонақтарға алғыс білдіріп, ізгі тілектерін жолдады! Жәрмеңке туралы толық ақпаратты Семей арнасы және № 38 жалпы орта білім беретін мектеп- лицеиінің @licey38 инстаграмм парақшасынан көре аласыздар.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу