4 ақпан күні 1224 тобы топ жетекшісі Жания Мырзахметқызымен бірге кураторлық сағат өткізді. Негізгі тақырып – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 11 қаңтар күнгі Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзі жайында болды. Студенттер қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты шын қапаланып, трагедияға қатысты өз ойларымен бөлісті. Қазақстанның тұғырын ұстап тұрар болашақ маман иелері және ел азаматтары ретінде патриотизмнің қаншалықты маңызды екендігі жайлы сөз тарқатты. Президенттің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуға байланысты белгілеген нұсқаулары қарастырылды. Әр студент жаңа Қазақстанды дамытуға қандай үлес қосуға болатынын айтып шықты. Әсіресе, денсаулық сақтау жүйесінің болашақ қызметкерлері ретінде қандай шараларды қолға алуға болатындығы – айта кетерлік тақырып. Кураторлық сағат мәнді де мағыналы болды.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу