Семей медицина университетінің факультеттік терапия кафедрасында екі жылдан бері алемге жайылган дерт – коронавируспен куресуде алдыңгы шепте жұмыс атқарып журген дәрігерлермен кездесу дәстүрге айналды. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша 4-шы ақпан күні ZOOM желісінде қазіргі күннің батырына айналған медицина ғылымдарының кандидаты, инфекциялық аурулар кафедрасының доценті Смаил Ербол Муслимұлымен кездесу өтті. Кездесуге кафедра қызметкерлері және куратор топтарының студенттері қатысты.
Пандемияның алғашқы күндерінен бастап алдыңғы шепте күресіп, қызыл аймақта сан дүркін, уақытпен санаспай кезекте жүріп жұмыс атқарған қарапайым дәрігер инфекциялық ауруханалардың, бөлімдердің жұмыс ерекшеліктерімен бөлісті. Алгашқы кездегі оттегі концентраторларының тапшылығын қинала еске түсіріп, кейін сол өзі қызмет атқарып жүрген аурухана оттегі концентраторымен толық қамтамасыз етілгенде медицина қызметкерлерінің қатты қуанғанын әңгімелеп айтты. Студенттер коронавирустың қазіргі заманауи емі, ревакцинация туралы сұрақтар қойды.
Ербол Муслимұлы болашақ дәрігерлердің сұрақтарына жауап берып, вирусты инфекцияның емдеу принциптерінде казіргі кезде халықаралық протоколдардың негізге алынатынын айтып, конференция соңында осы заманауи протоколдарды студенттер чатына жіберіп, бөлісті.
Ербол Муслимұлы коронавирустың штамының бірнеше рет өзгергенін, соған байланысты бұл вирусты аурудың клиникалық көрінісі де әр түрлі болып өзгергенін айтты. Сол себепті вакцинация мен ревакцинацияның маңыздылығын ескертіп, вакциналардың түрлерін атап өтті. Кездесу соңында факультеттік терапия кафедрасының қызметкерлері мен студенттер Ербол Муслимұлына зор алғыс білдірді.
Факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Селгазина М.Б., 5329 топ студенттері