Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі талқыланды

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі талқыланды

Қаңтардың 28 күнгі «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» атты тақырыпта Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін “Педиатрия” мамандығының 1330 кураторлық топқа таныстырып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болып, ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білгендігімізді, ендігі кезде мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажеттігі баса айтылды. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет деп білеміз. Президентіміз өз сөзінде келтірген қаңтар қасіретінен кейінгі және алдағы уақытта орындауға тиісті жұмыстың алғашқы қадамдарына және біздің Қарулы Күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың, Ұлттық қауіпсіздік, сыртқы барлау органдарының жұмысын қайта құру міндеті бойынша негізгі тоғыз басымдыққа тоқталып өттік. Сондай-ақ, баяндама барысында мемлекет басшысы тоқталып өткен еліміздің және қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласы бойынша басым бағыттарындағы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы негізгі бастамалары жөнінде ой бөлісілді.

Президентіміз айтып өткен халық жағдайын жақсартуға бағытталған игі істер мен бастамаларды университет студенттерінің назарына ұсынып, оларды еліміздің қоғамдық және саяси өмірінен хабардар ету арқылы бұл оқиғадан сабақ алуымыз керектігін, ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажеттігін және халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат құндылық екендігін түсіндіре отырып, оларды президентімізді қолдай отырып, елімізді бірге өркендетуге, жаңа Қазақстанды бірге құруға шықыру біздің басты міндетіміз!

 

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушысы,

1330 топ кураторы Л.К. Садыкова

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір