«Инсульттан кейінгі науқастарды позициялау және күтім көрсету» тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы өтті

«Инсульттан кейінгі науқастарды позициялау және күтім көрсету» тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы өтті

04.02.2022 күні «Семей қаласының жедел жәрдем» ауруханасының инсульт орталығы бөлімшесінде «физиотерапия жән емдік дене шынықтыру» бөлімінің меңгерушісі және клиника бойынша тәлімгері Сальменбаева З.Б жетекшілігімен «физикалық медицина және реабилитация» мамандығының 2 курс резиденті Жүрсінбек А.Е  «Инсульттан кейінгі науқастарды позициялау және күтім көрсету» тақырыбында, емдік дене шынықтыру инструкторларына тәжірибелік шеберлік сабағын өткізді.
Тәжірибелік шеберлік сабағының мақсаты: Емдік дене шынықтыру инструкторларына инсульт алған науқастарды позициялауды, бел-сегізкөз аймағы ойықтарының алдын алуын және жалпы инсульттан кейінгі науқастардың күтімін үйрету.
Тәжірибелік шеберлік сабағы барысында инсульттан кейінгі науқастарды әрбір 2 сағат сайын арқасына, сау қырына, зақымдалған қырына дұрыс жатқызу және науқасты қалай отырғызу керектігі үйретілді. Сонымен қатар науқастарға күтім көрсету, дұрыс тамақтандыру жайлы толықтай ақпараттар берілді.
Тәжірибелік шеберлік сабағы арқылы емдік дене шынықтыру инструкторларымен өзара тәжірибе алмаса отырып, білімімізді жетілдірдік.
Болашақ реабилитолог маман ретінде тәжірибелік денсаулық сақтау ісіне өз үлесімізді қосудамыз.

Физикалық медицина және реабилитация мамандығының резиденті: Жүрсінбек.А.Е

Жарияланды: