Психологиялық тренеингке қатысу арқылы кез-келген істі қолға аларда сенімді болуды, ештеңеден қорықпауды, өміріңді жақсы жаққа қарай өзгерту өз қолыңда екендігін түсінуге және соған қарай өзгеруге мүмкіндік ала аламыз. Осы мақсатта 8 ақпан күні «Педиатрия» мамандығының 1330 куратолық топпен университетіміздің психологымен арнайы кездесу өткізілді. Тренинг барысында топ студенттерін күнделікті күйбең тірліктен бір уақыт көңіл бөліп, бір-бірімен ерекше жағдайда байланыс орнату арқылы, араларында берік қарым-қатынастың қалыптасуына, бір-біріне деген сенімділік пен адалдық және достық қатынастың нығаюына мүмкіндік жасалды. Университет психологы Айгерім Мұхаметбековнаның топ студенттеріне берген қорытынды бағасы бойынша топ студенттері алғашқы кездесудегідей емес, барынша ашылғандықтарын, олардың арасында ұйымшылдық пен берік байланыстың орнағандығын байқағанын жеткізді. Атаулы тренингтен кейін топ студенттері арасындағы берік қатынас одан әрі нығая түседі деген сенімдеміз!
Жалпы білім беру кафедрасы оқытушысы,
топ кураторы Л.К. Садыкова