Темекі. Адам өміріне зияны

Темекі. Адам өміріне зияны

10 желтоқсан күні ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы

молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасындағы қазақ тілінде оқитын барлық кураторлық топтар үшін  2112 ЖМ тобының студенттері «Темекі. Адам өміріне зияны.» тақырыбында онлайн кураторлық сағат өткізді. Кездесуге 2112 ЖМ, 2104 ЖМ, 2114 ЖМ, 2102 ЖМ, 1105 ЖМ, 1107 ЖМ кураторлық топтар қатысты.

Студенттер назарына 2112 топ студенті Тамабай Ернұрдың баяндамасы ұсынылды. Бұл баяндамада темекінің шығу тарихы, темекінің құрамындағы заттар және олардың ағзалар мен жүйелерге әсері туралы айтылды. Сонымен қатар, темекі шегу туралы әлеуметтік сауалнаманың қорытындыларымен таныстырып өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды.

Кездесу соңында 2112 топ кураторы Мусапирова А.Б. қорытынды сөз алды.  Топқа өз алғысын білдіріп, темекі шегудің зияны, оны алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануды студенттерге ұсынды.

Жарияланды: