Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару – атаулы күндердің бірі болып табылады. Бұл күн – қайғы-қасіреттің күні және қайтыс болған интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні екені айқын.
15 ақпан – елден тыс жерде соғысқан, әскери антына адал және жанқиярлықпен берілген, батылдық, қайсарлық пен батырлықтың жоғары үлгілерін көрсеткен барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні!
“Семей медицина университеті” КеАҚ ұжымында Корсаков Талғат Төлебайұлы, Ахметов Даулетхан Базарханұлы сияқты жауынгер-интернационалистер еңбек етеді.
Көптеген жылдар бойы әскери кафедраны басқарған және болашақ медициналық қызмет офицерлерінің қаншама буынын тәрбиелеген, жауынгер-интернационалист, «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалері, отставкадағы медицина қызметінің подполковнигі Марат Жүнісұлы Әбішев туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады!
Болашақ ұрпаққа жалпы мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру, қазақстандық мәдениеттің жетістіктерімен, рухани-адамгершілік құндылықтарымен таныстыру, әр ұлттың қадір-қасиетін, абыройын және тарихын құрметтеу, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Ш.О., аға оқытушы запастағы полковник Аманов М.Ш., запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Н.С., запастағы медицина қызметінің подполковнигі Матыцин А.В. және 2 взвод курсанттары Абылғазиев М.Қ., Байсағатов Р.Е., Мақсатұлы Т., Ғалымов Е.Е., Баймуш Е.Б., Айтқалиев Д.Д. интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетті.
Барлықтарыңызға ашық аспан, бейбіт өмір тілейміз!
Болашағымыз жарқын болсын!
Әскери кафедраның тәрбиелік жұмысына жауапты
запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов