«Семей Медицина Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасында 2022 жылдың қаңтар айында университет әкімшілігінің келісімен оқу бөлмелері мен кабинеттерге, дәлізге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қабырғалар әктеліп, терезе мен жылу батареялары сырланды, тағы да қажетті жұмыстар өткізілді. Қажетті құрылыс материалдары университет әкімшілігінің көмегімен бөлініп, жөндеу жұмыстары басты ғимарат жұмысшыларының жұмылдыру тобының күшімен атқарылды. Оқу бөлмелерінің таза, әдемі, жарық болуы, замануи жабдықталуы – кафедра қызметкерлерінің жұмыс атқаруға және студенттердің білім алуға деген құлшынысын арттыратын басты факторлардың бірі екендігі сөзсіз!
Сондықтан да қолдау көрсеткен университет әкімшілігіне және жұмылдыру тобына айтар алғысымыз, ризашылығымыз шексіз!
Қарасаев Дулат Токтагазиовичтің басшылығымен өздеріне міндеттелген істеріне тиянақты қарап, жауапкершілікпен және ұйымшылдықпен, бір кісідей жұмыс атқарған, кафедрамыздың жаңаруына үлестерін қосып, кәсіби шеберліктерін көрсете білген жұмылдыру тобы мүшелерінің отбастарына жаксылық , өздеріне зор денсаулық тілейміз:
Жайлаубаев Тилеумурат Архамович
Кусманов Алтынбек Закарбекович
Тумарбаев Болатбек Серикханулы
Ахметов Даулетхан Базарханович
Байдаласов Женис Жумаханович
Мукашев Дулан Кайырханович
Хасенов Ербол Сагатбекович
Сетербаев Аскар Жумашевич
Университет ғимараттарының заман талабына сай болуы – осы мекемеде қызмет атқаратын ұжым мүшелерінің және білім алушы студенттердің көңіліне мақтаныш сезімін тудырады.
Әскери кафедра ұжымы