СМУ білім алушыларының этикалық кодексі таныстырылды

Ақпан айының 17-сі күні 1501 тобымен “Білім алушылардың этикалық кодексі” тақырыбында кураторлық сағат өтті. Дәрістің негізгі мақсаты – Семей медицина университеті студентінің имиджін қалыптастыру барысында негізгі жолдарын анықтау.  Студент имиджін қалыптастырудың негізгі жолдарын анықтау барысында келесі талаптар анықталды: қоғамдық орындарда студенттердің этикалық тәртібін сақтауы, жалпы адамдармен қарым-қатынас орнатуда этикалық нормаларды сақтау және студенттердің сыртқы бейнесін қалыптастыру ережелерін пайдалану.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар