2022 жылдың 18 ақпанында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарың кандидаты Ибраемова Майра Сансызбайқызы Семей қаласының ТВК-6 телеарнасындағы «Айтарым бар» бағдарламасында «Ұлттық құндылықтар және тарихи таным» тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында бүгінгі ұлттық құндылықтарға жастардың көзқарасы тілге тиек етілді. Сонымен қатар, Майра Сансызбайқызы рухани құндылықтың мәні, қоғам өміріндегі алатын орны турасында әңгіме өрбітті. Бағдарлама барысында аталып өткендей, үлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Өйткені саң ғасырдан бері тәрбиелік мәнін жоймай, салт-дәстүрмен астасып, рухани құндылықтар мен ізеттіліктің асқан жоғарылығымен ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан ұлттық құндылықтар баланың адам болып қалыптасуында зор маңызға ие.
Категориясы: Қоғамдық өмір
Осы жазбамен бөлісу