10 ақпаннан 22 ақпанға дейін Семей қаласының медицина университетінде «Ересектер және балалар ревматологиясы» , «ересектер мен балалар травматологиясы-ортопедиясы» мамандықтары бойынша резиденттер үшін 1-қысқы ревмоортопедия мектебі өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар: ревматология және жұқпалы емес аурулар кафедрасы, ортопедиялық хирургия кафедрасы. Айта кету керек, биылғы жылы шара жаңа форматта өтті – тізе және жамбас буындарының тотальды артропластикасы бойынша операцияларға ревматолог-резиденттердің қатысу мүмкіндігі. Резидент травматологтарға ревматолог дәрігер қабылдауына қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар ревматологиялық практикадағы қатар жүретін науқастарға жергілікті инъекциялық терапия жүргізуге мүмкіндік берілді, онда буындық синдромы бар науқастарды емдеу, оларды консервативті емдеу және хирургиялық араласуды тағайындау туралы шешім туралы сұрақтар көтерілді.
Сондай-ақ іс-шараның бір бөлігі онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы лекция-пікірталас түрінде өтті. Осы мектеп аясында ревматологиялық науқастарды тізе және жамбас буындарын ауыстыруға пәнаралық басқару және операция алды дайындау, ревматологиялық аурулардың белсенділігін бағалау мәселелері талқыланды.
Резиденттерд кері байланысы, нақты тәжірибеден алынған күрделі клиникалық жағдайларды талдау, осы науқастарды хирургиялық емдеу және пәнаралық басқару мүмкіндіктерін бағалау студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, болашақ клиникалық тәжірибеде ревматологтар мен ортопед-травматологтардың өзара әрекеттесу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.