23 ақпан күні КеАҚ «Семей медицина университетінде» 2 жыл 6 ай қысқартылған бағдарлама түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Салтанатты шараға КеАҚ «СМУ» Басқарма Төрағасы – Ректор профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебінің деканы – Кожахметова Дана Кенжебаевна және «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенттері қатысты.
Біздің университетіміздің тарихында 2022 жылы «Мейіргер ісі» қысқартылған бағдарлама түлектері алғаш рет бітіруде. 2019 жылы осы бағдарлама бойынша алғашқы қабылдау жүргізіліп, 14 мейірбике мейірбике ісі саласында білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілігі түлектерімізге мансаптық өсу мен алдағы уақытта табыс тілейді.
Түлектердің атынан Айгүл Жақсыбаева сөз сөйлеп, ұстаздарға еңбектері, шыдамдылықтары, ынталарымен және түлектерді дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.