«Күміс университет» тыңдаушыларына компьютерлік курс  жалғасуда

«Күміс университет» тыңдаушыларына компьютерлік курс жалғасуда

2022 жылдың 25 ақпанында Медицинадағы IT кафедрасының оқытушысы Ғалымова Ә.Д. «Күміс университет» тыңдаушыларына курс өткізді. Тыңдаушылар курс барысында компьютерлік технологиялар саласындағы дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Яғни, ең сұранысқа ие бағыт IT-технологиялар, компьютерлік сауаттылыққа оқыту және мессенджерлермен жұмыс жасауды үйренді.

«Күміс университет» тыңдаушыларының көпшілігі белсенді, берілген тапсырмаларды шынайы қызығушылықтарымен орындады. Болашақта «Күміс университет», тыңдаушылары үшін құзыреттіліктерін арттырып, қоғамда өздерін таба алуы үшін көптеген білім беру бағдарламалары ұсынылады. Бұл дегеніміз білім алғысы келетін егде жастағы адамдар үшін таптырмас мүмкіндік.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”91078″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: