Семей қаласының Қалалық мәдениет үйінде 25 ақпан 2022 жылы 32355-К әскери бөлімінің әскери оркестрінің құрылғанына 20 жыл толуына орай әскери оркестрдің мерекелік шарасы өткізілді. «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасының офицерлері мен 6 взводтың (325 топ) курсанттары оркестрдің ерекше туындыларына куә болды. Қойылым бағдарламаларында әр түрлі жанрлар мен бағыттағы, замануи әрі көне композициялар ұсынылды. Көрермендер әскери музыканттардың өнерін ерекше бағалап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери және халқымыздың музыкалық өнерін дәріптеп, патриоттық тәрбие беру мақсатында ел руханиятының дамуына зор үлестерін қосып жүрген ұжымның еңбектеріне шығармашылық табыс тілей отырып, оркестрдің алар асулары және биік белестері алда болатынына сенім артып, алғыстарын және лебіздерін білдірді.
Әскери кафедраның тәрбие жұмысына жауапты
запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов