Қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы Қ.Ж. Амангелдинаның тәрбие жұмысының жоспарына сай – Білім Бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесіне бару жүзеге асырылды. Осыған орай, 2022 жылдың 22-ші ақпанында Қ.Ж.Амангелдина өзінің 2113 кураторлық тобымен Білім Бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесіне «Алғашқы көмек көрсету» шараларын үйрету бойынша және мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарының бірі кәсіптік бағдар беру бойынша, 10-11 сынып оқушыларына жұмыстар жүргізілді.
Мектеп оқушыларына «Алғашқы көмек көрсету» жайлы толық ақпарат беріліп, көрсетілді. Сонымен қатар, Семей Медицина Университетін таныстыра отырып, ЖОО-ның барлық мамандықтары және төлем бойынша жеңілдіктер туралы ақпарат берілді, сондай-ақ университет презентациясын ұсынып, үлестірме материалдары таратылды. Осындай шаралардың өткізілуі оқуды аяқтаушы түлектер үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Шара барысында білім беру процессіне қатысты сұрақтар қойылып: оқу қызметі, жатақхана, түлектердің талап етілуі және СМУ оқу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының соңында мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.