Футзалдан әуесқой студенттік лигасы бастау алды

Футзалдан әуесқой студенттік лигасы бастау алды

2022 жылдың 7 ақпанынан Семей медицина университетінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының және молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Е.Е. Өртбаевтың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына орай 1-2 курс студенттері арасында футзалдан әуесқой студенттік лигасы бастау алды! Бұл жарыстың басты мақсаты:”ҚР Президенті Қ.К Тоқаевтың «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және Университет студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер арасындағы достық,бауырмашылдық қарым-қатынасын нығайту”-,дейді ұйымдастырушылар.

Университет біріншілігіне қатысуға жалпы 8 команда(78 студент) тіркелді. Жарыстың ерекшелігі,командалар өздеріне медициналық мағынасы бар атаулар таңдап алды.Атап айтсақ, «Омикрон», «Адреналин», «Пульс», «ЭКГ», «Ковид-19», «Стомадент», «Метадон», «Атом»

Командалар 2 ай көлемінде өзара бақ сынасады,және жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен марапатталады!

Жарияланды: