Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында 2022 жылдың 24 ақпанында сағат 15:00 де “Неонатология” мамандығы бойынша 7 курс интерндері, болашақ үміткерлерге “Ашық есік күндері” атты шара өткізілді.
Шараға 1-ші және 2-ші оқу жылының резиденттері, кафедра ассистенті Алибекова Б.А., кафедра доктаранты Аильбаева Н.М. және кафедра меңгерушісі Алимбаева А.А. қатысты. Шара барысында 2-ші оқу жылының резиденті Мухаметгазыева Г.Б. және 1-ші оқу жылының резиденті Имашева Н. интерндерді кафедра тарихымен таныстырып, неонатология мамандығы жайлы тереңдетілген мәлімет беріп, кафедраның Семей, Өскемен және Павлодар қалаларындағы оқу- клиникалық базаларымен таныстырып өтті. Кафедраның алғашқы түлектірің жұмысқа орналасуын талқылып сонымен қатар мамандықтың өзектілігін айта өтті. Кафедра доктаранты Аильбаева Н.М. сөз алып интерндерге мамандық бойынша ғылыми жұмыстардың қызықтылын, ғылыми жұмыспен шұғылдануға оқу-клиникалық базаларда барлық мүмкіндік барын жеткізді.
Шара соңын кафедра меңгерушісі Алимбаева А.А. қорытындылай келе, интерндерге мамандық таңдаудың маңыздылығын айтып, оларды кафедрамызда күтетінімізді айтты.