2022 жылдың 03 наурызында «Заманауи білім беру» республикалық журналы Қазақстанның 10 үздік университеттеріне онлайн конференция ұйымдастырды. Осы конференцияда біздің университетте шет қалған жоқ. Университет мүддесін Түлектерді жұмыспен қамту және Medical foundation дайындық бөлімінің бас маманы Э. М. Турарова, әдіскер Д. Е. Советбеков қорғады. Онлайн концеренция Абай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беретін мектептердің оқушыларына «ZOOM» платформасында өткізілді. ЖОО-лар өздерінің бейнероликтерін ұсынып, университет жайлы презентацияларын ұсынды.
Болашақ талапкерлер “СМУ” КеАҚ түсу ережелерімен танысып, білім беру бағдарламалары туралы қажетті мәліметтерді алып, біздің университет сапалы білім ордасы екенін атап өтті. Болашақ талапкерлеріміз студенттерге өте жоғары деңгейде жағдай жасалып жатқанын көріп, университет ұжымына, қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Конференция аяқталған кейін талапкерлермен байланыс телефондарымен алмасып, университет есігінің әрқашанда ашық екенін атап айтты. Осы онлайн конференцияны ұйымдастырған «Заманауи білім беру» республикалық журналына Семей медицина университетінің басшылығы өз ризашылығын білдіріп және әрі қарай ынтамақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.