Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша адамзаттың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әскери кафедра ұжымы жылдағы дәстүрлері бойынша әскери кафедрада зертханашы болып қызмет атқарған еңбек ардагері Мурзабаева Гулжанат Жумабаевнаға сый-сыяпат көрсетіп, мерекесімен құттықтап барды.
Сонымен бірге, университетіміздің әйелдер қауымын көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз!
Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.
Ізгі ниетпен Әскери кафедра ұжымы