«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында медицина қызметінің подполковнигі Н.С. Смаиловтың бастауымен «Бауыржан Момышұлы – ұлттық болмысты қалыптастырушы қаһарман» атты курсанттарға арналған тәрбиелік іс – шара өткізілді.
Шараға 5, 6, 9 және сержанттық құрамның 10 взводтары қатысты. 6 – взвод курсанты Е.Н. Биболов баяндамасы арқылы курсанттар Бауыржан Момышұлы атамыздың өмір жолын талқылап, жасаған ерліктері мен даңқты істеріне шолу жасап шықты. Шара барысында Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасы жайлы сөз қозғалып, әлем аренасындағы Бауыржанның бейнесіне көз жүгіртілді. Аталған шара курсанттардың рухани дамуына, Отанды сүю, елге құрмет білдіру деген патриоттық қасиеттердің қалыптасуына зор септігін тигізеді.
Осындай үлкен тәрбиелік мәні бар шарадан алған әсерімізге әскери кафедра ұжымына және тікелей ұйымдастырушы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Әскери кафедраның 6 взвод ( 325 топ) курсанттары [vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”91794″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]