Семей медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасында профессорлық-оқытушылық құрам үшін біліктілікті арттыру факультетін өткізді.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануымен М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті профессорлық-оқытушылық құрам үшін «Қалыпты физиологияның өзекті сұрақтары» циклі бойынша 120 сағат көлемінде біліктілікті арттыру циклы толық көлемде өткізілді. Біліктілікті арттыру бойынша кредит саны 4. Цикл 07.02.2022 ж. бастап 04.03.2022 ж. дейінгі аралықта өткізілді. Циклді қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі С.О. Рахыжанова жүргізді. Дәріске жалпы алты оқытушы қатысып, дәріс онлайн Zoom форматында өтті. Дәріс кезінде көптеген сұрақтар талқыланды, жауабы толықтай қамтылды. Цикл соңында әр қатысушы оқытушыларға сертификат табыс етілді.