«Семей медицина университеті» КеАҚ визитинг-профессорларды шақыру бағдарламасы аясында 2022 жылдың 24 ақпанынан 2 наурызға дейін қалыпты физиология кафедрасында оқытушылар мен студенттер үшін онлайн мастер-класс өткізілді. Мастер-класс ZOOM платформасында өтті. Біздің университет заманауи жаңа оқыту технологияларын пайдалануда алдыңғы қатарлы болып саналады.
Дәрісті Кемерево мемлекеттік медицина университетінің профессоры Н.А. Барбараш атындағы қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, доцент Кувшинов Дмитрий Юрьевич онлайн режимінде өткізді.
2022 жылғы 24-25 ақпан күндерінде «Қозғыш тіндердің физиологиясы. Тітіркену заңдылықтары. Биоэлектрлік құбылыстар» тақырыбында дәріс оқылды. 2022 жылғы 28-ші ақпан мен 1-ші наурыз күндері аралығында «Бұлшықет тінінің физиологиясы» тақырыбында дәріс оқылды. 2022 жылғы 2-ші наурызда «Жүйке тінінің физиологиясы. Синапстар» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәрісті тыңдаушылар «стоматология» мамандығының 1 курс студенттері – 1301, 1302, 1303, 1304, 1305, 1306, 1307, 1308,1309,1310 топтары және қалыпты физиология кафедрасының ұжымы: кафедра меңгерушісі Рахыжанова Сәуле Орынғазыевна, доцент Сайдахметова Айгүл Сайдахметовна, м.а.доценті Усенова Оксана Александровна, аға оқытушы Токешева Гульмира Манарбековна, оқытушы Мусаханова Айжан Ермековна, оқытушы Амангелдина Құндыз Жанарбековна, оқытушы Шакабаева Айым Асенғазыевна қатысты.
Студенттер алынған ақпараттың айқындылығы мен қол жетімділігін ерекше атап өтті. Дәріс соңында студенттер аясынан сұрақтар қойылып, оған сай толық жауап алынды.