8 Наурыз – әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әйелдер күні болып табылады. Қазақстан да бұл тізімнен шеттемейді. Қазақстанда бұл күн мереке және демалыс күні болып табылады. Көптеген ұйымдарда, әйелдерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Т. А Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы көп жылдар бойы еңбегі сіңген, қазіргі кезде ардагер қонағымыз , аға лаборант болып қызмет еткен Хасенова Қорлығайын Мұхаметханқызын кездесуге шақырды.
Хасенова Қорлығайын Мұхаметханқызы 1978 жылы Семей педагогикалық Н.К Крупская атындағы институтындағы химия-биология факультетін бітірді. Т.А Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасында 1978-2019 жж аға лаборант болып жұмыс істеді. Патологиялық физиология кафедрасының тәжірибелік сабақтарда өткізілетін лабораториялық зерттеулердегі әдістерді жақсы меңгеріп,тәжірибелік сабақтардың ұйымдастырылуы мен студенттердің әдістемелік нұсқауларымен қамтамасыз етілуін тікелей қадағалады. Сонымен қатар кафедрада профорг, СМК жұмыс тобының мүшесі болған. 2013жыл Семей мемлекеттік университетінің 60 жылдығына байланысты Семей қаласы әкімінің Алғыс Хатымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін » төсбелгісімен , 2018 жылы университеттің 65 жылдығына байланысты Семей қаласы әкімінің Алғыс Хатымен марапатталды. Әрқашанда осындай университетімізге еңбегі сіңген ардагерлерімізге ізет, құрмет көрсету біздің парызымыз, келешек ұрпақтарға үлгі –өнеге. Кафедра ұжымы құрметтейтін қызметкер болу үшін аянбай тер төгіп, еңбектенген ардагер апайымыздай жандар көп болсын дейміз!