Наурыздың 14-ші жұлдызына қарасты күні 1224 ағылшын тобы кураторлық сағат өткізді. Бұл күннің тақырыбы дін және діни қауіпсіздік мәселесіне арналды. Жастардың санасының толық әрі дұрыс қалыптасуы маңызды. Себебі, сананың дұрыстығы қандайда бір мөлшерде түрлі идеологияларға тойтарыс беруге, ақпаратты сыни талдауға үлкен септігін тигізеді. Осыған орай кураторлық сағатта біздің мемлекетіміздің зайырлы екендігі, дін мен түрлі секталарды ажырата білу керек екендігі қарастырылды. Топ студенттері осы тақырыпқа қатысты өте қызу талқылау өткізді. “Ең бірінші кезекте өз денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз” деген оймен кураторлық сағат аяқталды.