23 қыркүйек күні 1224 тобы топ жетекшісі Жания Мырзахметқызымен бірге кураторлық сағат өткізді. Негізгі тақырып – Семей Медицина университетінің тарихымен танысу болды. Студенттер өздері оқып жатқан жоғарғы оқу орнының тарихын тереңімен оқып танысты. Кураторлық сағатта студенттер ЖОО тарихын білудің маңыздылығы жайлы бір бірімен сыр шертті. Елдің атын шығарып, келешегін айқындауда университеттердің алатын орны ерекше. Сондықтанда университет тарихын білу елдің абыройын асырып, қоғамның мақтанышына айналады.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу