Жеңіс туын тіккен батыр.
Әскери-патриоттық тәрбие бағдарламасының аясында 2022 жылы 11 наурыз күні әскери кафедрада сержанттар бағдарламасы бойынша білім алушы 10 взводының курсанттары Абдулкаримов Ильгам мен Ашкен Алинур «СМУ» ҚеАҚ әскери кафедра курсанттарын Ұлы Отан соғысының қаһарман тұлғасы – Қошқарбаев Рахымжан Қошқарбаевичтің өмір жолымен таныстырды.
Қошқарбаев Рахымжан Қошқарбаевич – біздің отандасымыз, Қызыл әскер офицері, Берлин шабуылының қаһарманы. 1945 жылы 30 сәуір күні қызыл әскер жауынгері Григорий Булатовпен бірге, бірінші болып Рейстахқа ту тіккен болатын.
Халық қаһарманы лейтенант Рахымжан Қошқарбаевтің сара жолы – Отанға деген парыз бен сүйіспеншілік, адалдықты насихаттайды.
Аталған іс-шараны ұйымдастырған кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмухаметовичке және тәрбие жұмысы бойынша жауапты медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденовичке алғысымызды білдіреміз.
Әскери кафедра курсанттары