“СМУ” КеАҚ-ның мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарының бірі кәсіптік бағдар беру болып табылады. Осыған орай, 2022 жылдың 15 наурызында “ZOOM” платформасында Алматы облысы Талдықорған қаласына қарасты орта білім беретін мектеп-лицейлердің 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Шараға 100-ге жуық оқушылар қатысты.
Түлектерді жұмыспен қамту және Medical foundation бөлімінің әдіскері Советбеков Д.Е. Семей медицина университетін таныстыра отырып, ЖОО-ның барлық мамандықтары және төлем бойынша жеңілдіктер бар екенін атап айтып, университет презентациясын ұсынып, электронды форматтағы үлестірме материалдарын таратты.
Мұндай іс-шараны өткізу талапкерлер үшін түлектердің назарын аудару және оларға қабылданған шешімнің барлық перспективаларын көрсету, сондай-ақ оқуға түсу ережелерімен, Семей медицина университетінде оқумен таныстыру үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Кәсіптік бағдар беру жұмысының соңында мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді.