«Радиотехника және байланыс” колледжіндегі мұражайға экскурсия

«Радиотехника және байланыс” колледжіндегі мұражайға экскурсия

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 6 взвод курсанттары медицина қызметінің подполковнигі Нұрбек Саденович Смаиловтың жетекшілігімен 14 наурыз 2022 жылы  «Радиотехника және байланыс” колледжінде орналасқан мұражайға экскурсия жасадық. Байланыс жүйесінің тарихына терең үңіліп, түрлі байланыс құралдарымен таныстық. Сонымен қатар, соғыс мезгілінде қолданылған байланыс техникалары, КСРО кезіндегі почта, дүкендерде қолданылатын есеп құралдары мен ерекше үнтаспалар, теледидарлардың түрлерін өз көзімізбен көріп, ескі әуендерді тыңдап ерекше әсерге бөлендік. Бұл мұражайдың атмосферасы сол заманға оралғандай сезім қалдырды. Мұражай мүшелеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

Әскери кафедраның 6 взвод курсанттары

Жарияланды: