2022 жылдың 17- наурызында қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары А.А.Шакабаева, А.Е. Мұсаханова және Қ.Ж.Амангелдина басшылығымен жалпы медицина мамандығының 2 курс 2101, 2132 өзбек шетел тобы және 2113 топ студенттерімен «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» атты мерекелік шара өткізілді. 2132 шетел өзбек тобы осы мерекелік шараға өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, таныстырды, ал өзіміздің жергілікті студенттеріміз өзіміздің ұлттық тағамымызды және де халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетіп, халық әндерін орындап өнерлерімен бөлісті.
Осы мерекелік шараның мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, студенттердің өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. 2132-ші топ шетел студенттері болғандықтан, өз еліміздегі наурызымызды таныстыру болып табылады.
Бүгінгі шара барлық қатысушыларға да, көрермендерге де ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.