Қош келдің,  Әз- Наурыз!

Қош келдің, Әз- Наурыз!

2022 жылдың Наурыз айының 18-і күні университет оқу залында, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, 1 курстың  шетел студенттері арасында Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің,  Әз- Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: шетел студенттерін Қазақстан Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыру және қазіргі таңда Наурыз мерекесінің қалай аталып өтетіні жөнінде мәліметтер беру. Іс- шара барысында студенттер өз елдерінде Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны жайлы ой  бөлісті. Ұлттық киімдері мен тағамдарын таныстырып, ұлттық билерінен өнер көрсетті. Мерекелік іс шараға 1 курс студенттері Мақсат Ақбота, Абишев Жан, Жумабеков Айдос белсене қатысып, іс –шараның  жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Мерекелік іс-шара соңында қатысушыларға арналып,  қазақтың ұлттық тағамдарынан ақ дастарқан жайылып, мерекелік талқылау дастарқан басында жалғасын тапты.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”101682″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: