2022 жылдың 16 наурызында «Қоғамдық денсаулық» кафедрасы «СМУ» КеАҚ түлектерін жұмысқа орналастыру бөлімімен бірлесіп «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің студент – түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу тақырыбы ретінде: түлектерді қосымша білім беру перспективаларымен таныстыру ; таңдаған бейіні бойынша магистратурада оқу; “Еңбек гигиенасы және қоршаған орта саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану /HARMONEE” жобасы шеңберінде әзірленген перспективалық жаңа оқу модульдерінің Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім мен практикаға әсері болды.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі З.А. Хисметова студенттерді магистратурада оқу перспективаларымен, магистратурада білім алу арқылы қандай құзыреттер қалыптасатынымен, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу туралы, әрі қарай “қоғамдық денсаулық сақтау”мамандығы бойынша докторантурада оқуын жалғастыру мүмкіндігімен таныстырды.
Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Э. М. Турарова студенттерді 2022 жылы магистратураға түсу ережелерімен, кешенді тестілеу, түсу емтихандары, гранттар, байқау тестілеуімен таныстырды, магистратураға қабылдау мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша және өз қаражаты мен басқа да көздерден оқу ақысын төлеу есебінен жүзеге асырылатынын айтты.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Токанова Ш.Е. “Қоғамдық денсаулық сақтау” және “медициналық-профилактикалық іс”мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын ұсынды. Бұл екі мамандықтың келесідей бағыттары бар: ғылыми-педагогикалық және мамандандырылған. Қосымша HARMONIE жобасы шеңберінде қоғамдық денсаулық сақтау саласында пәнаралық дағдыларды нығайту үшін қажетті және білім алушының таңдауы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларына енгізілетін жаңа модульдер әзірленуде
Түлектермен әңгіме барысында студенттердің 50% – ы магистратураға түсуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Студенттер сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар мен ұсыныстар алды.