«Күміс университеті» жобасы аясында 2022 жылдың, наурыз айының 16 күні «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, м.ғ.м. – Қабдолданова Б.А. «Фитотерапия — денсаулықтың табиғи кілті» атты дәріс өткізді.
Дәріс тақырыбының мақсаты – дәрілік өсімдік препараттарымен емделу кезеңі мен дәрілік өсімдік препараттарының артықшылықтарын анықтау, көрсету.
Фитотерапия – ежелгі медициналық ғылымдардың бірі. Грек тілінен аударғанда шөптермен емдеу дегенді білдіреді. Фитотерапия-бұл байыпты ғылыми көзқарасты қажет ететін күшті құрал, салауатты өмір салтына қадам жасай алады. Өсімдіктер бізге бере алатын зор күшке ие. Бұл күш біздің аяғымыздың астында, оны қалай дұрыс пайдалану керектігін білу керек. Шөп медицинасы халықтық медицинадан бастау алады, бірақ бұл дәрілік өсімдіктерді немесе олардан алынған препараттарды емдік және профилактикалық мақсатта ғылыми зерттеу мен қолдануға негізделген практикалық және теориялық медицинаның бағыты.
Қабдолданова Б.А. «Күміс университеті» жобасының тыңдаушыларына әр түрлі табиғи шөптердің емдік және жанама әсерлері туралы ақпарат берді.
Қазақстан жері емдік қасиетке ие, дәрілік өсімдіктерге бай. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”101996″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]