Қош келдің, Әз- Наурыз!

Қош келдің, Әз- Наурыз!

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушылары Аманбекова Нұргүл Дайырқызы, Садыкова Лиза Кәдірханқызы және жалпы медицина мамандығының 2206 тобының ұйымдастыруымен наурыздың 17-сі күні оқу және кураторлық топтармен бірлесе отырып, дәстүрлі Наурыз мерекесі тойланып өтті. Ұлыс мерекесін тойлаудың мән-мағынасы жас буынның санасына қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін сіңдіруде. Мерекеде ұлттық ойындар ұйымдастырылып, үлкендерден бата алып, ақылды адамдардан тағылым тыңдау арқылы дәстүрді жастардың бойында қалыптастырудың маңызы зор.
​Осы мақсатта ұйымдастырылған шарамыз барысында студенттеріміз қазақ мақал-мәтелдерінен, салт-дәстүр көріністерінен, ән-билерінен және ұлттық ойындары мен тағамдарын әзірлеуден өзара сайысқа түсіп, тойымызды қыздыра түсті. Сонымен қоса, меркелік шарамыздың қонағы болып шет тілі бөлімінің студенттері де келіп тамашалады. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз баршаңызға толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!
ЖББП кафедрасы оқытушылары

[vc_row dt_title=”” mode=”masonry” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:2|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” on_click=”popup” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар