«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

Наурыздың 16 күні Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары кураторлық және оқу топтарымен бірге Президентіміздің «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, талқылады. Жолдауда Президент елдің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың бағдарламасын таныстырып, басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу жолындағы басты қадамдарға тоқталды. Жаңа жүйе билік институттарының тепе-теңдігі оңтайлы болуын қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізеді деп санаймыз.
Парламенттің рөлін күшейту арқылы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашатын Жолдаудағы басты қадамдар: Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға тыйым салынатындығы, Парламенттің рөлі күшейтілетіндігі, Мәслихат төрағасы лауазымы енгізгілетіндігі, сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетіндігі, партиялық жүйені дамыту қажеттігі, Конституциялық сот құрылатындығы, құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құру қажеттігі және сонымен қоса жаңа облыстардың пайда болатындығы атап өтілді.
Бүгінгі жолдауда біз үшін жағымды жаңалық ол Семей аймағында Абай облысы құрылатындығы және Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болатындығы ерекше қуаныш сезімін тудырды. Бұдан бөлек, бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысы құрылатындығы, Алматы облысы екіге бөлініп, онда Жетісу және Алматы облыстары құрылатындығы айтылды. Аталған қадамдар мен бастамалар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін бере отырып, еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді деген сенімдеміз.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушылары

[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар