Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасында наурыздың 18-де Наурыз мерекесіне орай Жалпы медицина факультетінің 3331 жергілікті ағылшын тобының және де кафедра ассистенттерінің қатысуымен «Қош келдің, Әз Наурыз !» атты мерекелік кеші өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: қазақ халқының дәстүрін ғұрыптау, Наурыз мерекесінің маңыздылығын арттыру мен студенттердің рухани байлығын молайту және де көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Сонымен қоса,топтағы өзге ұлт өкілдеріне қонақжайлық таныту еді.Ең алдымен тәрбие ісіне жауапты кафедра ассистенті Енсибаева Ш.Д барлық жиналған қауымға халқымыздың ұлттық дәстүрін дәріптеу мен оны қадірлеу туралы сөз сөйлеп, оларды мерекелерімен құттықтап жақсы тілек-лебізін білдірді. Үштілділік ұстанымын ұстанып кафедра асситенттері Кулабухова Н.С. Мусина Ш.Е. Ахметкалиева Ш.Б қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде ақжолтай тілектер айтып, топ студенттеріне жетістіктер мен сәттіліктер тіледі. Мерекелік кеште топ старостасы Аяжан Тұрғанбаеваның орындауында «Наурыз думан», «Мереке» әндері шырқалып, кештің сәнін келтірді. Кеш соңында осы топта оқитын Біріккен Араб Әмірлігінен келген Фатима Моххамед топтастары мен оқытушыларға рахметін айтып тілек білдірді. Арнайы пісірілген наурыз көжеден, жақсылыққа жайылған ұлттық дастарқаннан дәм татып, барлығы арқа-жарқа болды.
Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Баршаларыңызға зор денсаулық, молшылық, бақыт-береке тілейміз
Неврология,офтальмология және оториноларингология кафедрасы.
Кафедраның тәрбие ісіне жауапты ассистенті:Енсибаева Шолпан Дүйсенханқызы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]