Құрметті «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметкерлері мен білім алушылар! 12-13 сәуірде университетте Қазақстан Республикасының ғылым күніне арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысуымен өтетін білім алушылардың 64-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу жоспарлануда.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда Конференция офлайн, олай болмаған жағдайда коммуникативтік платформалар арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Конференция аралас нұсқада да өтуі мүмкін.
Конференцияға қатысуға медициналық ЖОО мен факультеттердің студенттері, интерндері және резидентері шақырылады.
Конференцияға қатысу үшін https://smu.edu.kz/nauka/nauchnye-konferencii-i-meropriyatiya/registraciya-na-konferenciyu/#1643775821841-78bb0506-094e сілтеме бойынша тіркеуге өтінім беру қажет.
Тезистер 31 наурызға дейін қабылданады. Конференция туралы толық ақпаратты сілтемеге өту арқылы ЖОО-ның ресми сайтынан ала аласыз: https://smu.edu.kz/nauka/nauchnye-konferencii-i-meropriyatiya/#1643707699476-0987a2dc-c64f.