Наурыз айының 14-19 күндері Нұр-Сұлтан қаласында жайдарман ойындарынан «МАУСЫМАШАР-2022» республикалық фестивалі өтті. 5 күнге созылған қызықты да, тартысты фестивальге еліміздің барлық аймағынан жайдарманшылар келіп, 165 команда бақ сынасты. Фестиваль қорытындысында командалар көрсеткен нәтежиесі бойынша Жоғары, Премьер, Бірінші және ашық лигаларға жолдама алды. Университетіміздің студенттерінен құралған «МедУнивер» жайдарман клубы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Республикалық Жоғары Лига ойындарына жолдама алып, еліміздің үздік 24 командалары өнер көрсететін элиталық топтардың қатарына енді. Сонымен қатар, 165 команда ішінен алынған 29 топтың қатарына еніп, фестивалдің гала концертінде өз өнерлерін көрсетті! Сәуір айының аяғында, Республикалық жоғары лига ойындары телевизиялық түсіріліммен өз бастауын алады. Демек, жыл соңына дейін университетімізді республикалық арналардан көре аласыздар.
Осындай өнерлі, де жайдарлы студенттерімізді жетістігімен құттықтаймыз, және барлықтарыңызды командаға телевизиялық көрсетілімде қолдау көрсетіп, жанкүйер болуға шақырамыз!
Команда құрамы:
1.Асқаров Амирлан
2.Оразов Саян
3.Бақытбекова Елназ
4.Абитай Аружан
5.Әшірбай Бекжан
6.Жумагалиев Серик
7.Хамитов Диас
8.Қайратбекұлы Жәнібек
9.Айнабаев Елжан
10.БейсекеұлыАсылжан
11.Хасенов Даурен
Жеңісті күндерде жолыққанша!